Саясат
Бұл туралы ресейлік журналист мәлімдеді
КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачевтің денсаулығы "өте нашар". Бұл туралы ресейлік журналист Алексей Венедиктов мәлімдеді.
- Ойлау қабілеті жақсы, бірақ жүрісі ауыр, қазір 88 жаста. Бойын ауру жайлаған. Соңғы екі жылда жағдайы мүлдем қиындап кетті: алты ай бойы ауруханада жатыр, - деді Венедиктов.
Соған қарамастан, Михаил Горбачев жаңалықтарды смартфон мен планшет арқылы оқиды екен.