Weekend

Виртуал кеңістіктегі сезімдер

ХХІ ғасыр талабына сай махаббат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біз сіздермен ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз, демек бұл ғасыр – жаңа әрі ІТ технологиялар ғасыры. Күннен күнге қарқынды дамып келе жатқан технологиялар және бүкіл ғаламшарымызды өрмекші торындай шырмап алған интернет желісі адамзатқа қандай пайда әкеліп, қандай зиян тигізіп жатыр?! Бүгінгі күнде өзекті мәселеге айналған бұл сұрақтың түп-төркінін талқыламай, нүктесін қойсам деймін. Пайдасы – жаңа мүмкіндіктерге оңай қол жеткізу, зияны – текке кететін уақыт.

Қазіргі кезеңде, дамыған және даму үстіндегі технологияларсыз адам өмірін елестету мүмкін емес. Десек те, өткен ғасыр адамдары бұл технологиясыз-ақ күн кешкен. Иә, мұның бәрі адам өмірін жақсарту мақсатында жасалып жатқан дүниелер ғой. Жақсартты-ақ делік, бірақ бұл технологиялар бір жағы адам уақытын бей-берекет жұмсалуының нағыз кепілі. Smartphone және IPhone кез-келгеннің қалтасынан табылатын бұл құрылғы адамдардың санасын улап, реал өмірде ғұмыр кешіп жүрген адамзатты виртуал кеңістікке жүктеп қойды.

Виртуал кеңістігіміздің ең үлкен платформалары әлеуметтік желілер, әрине. Осы виртуал әлемге байланып қалған жұрт, сымтетігінен көз алмай, үңілшіктеп қалып жатады. Ең басты мақсат, желідегі серіктестің әрбір хатын жібермей жауап қату. Бұл құбылысқа сырттан қарасаң, кейде аянышты, кейде жағымды көрінгенімен, алыстағы жақыныңмен жеңіл хат алмасудың бір тараптан ыңғайлылығына келісемін. Бұл ғана емес, сағаттап отырып әңгімеге басатынымыз да бар. Мәз болып, көгілдір экранға жымиятынымыз сырт көзге қаншалықты ерсі көрінсе де, заман талабы ғой деп, қоя саламыз. Өмірлік принциптерімізді ұмытсақ та, әлеуметтік желідегі парақшамызды күніне кем дегенде он рет тексеруді ұмытпаймыз, әйтеуір. Сол бір жұмбақ жаннан жауап күтумен сырғып өтетін уақытты айтсаңшы, шіркін! Бұл жағдайға шек бар ма?! Күйбелең тірліктің, оқу мен сызудың арасында, қаланың кептелісі, шұғыл жұмыс жағдайында да әлеуметік желідегі виртуал періміз туралы еш ұмытпаймыз. Неге екені белгісіз, әшейінде ұмытшақ кісі әлеуметтік желіге келгенде ештеңені ұмытпайтындығы таң қалдырады. Десе де, виртуалды перімізге жіпсіз байланған қылмыскердей, кейде күнің қалай өткенін байқамайсың. Болар да, болмас та дүниені жазып, оның да, өзіңнің де алтын уақытың зая кеткенін белмей де қаламыз. Жіпсіз байланған соң, періңнің әрбір қадамың аңдығандай әлеуметтік желідегі парақшасын қадағалаймыз. Шын өмірде пессимисттік қалып танытқан кісі, виртуал кеңісітікте белсенділік танытқыш боп кетері тағы бар. Санасы уланған мәңгүрт секілді көгілдір экранның қызығына беріліп, реал өмірді мүлдем ұмытатын адамдар да бар. Қысқасы, әлемуеттік желіде қаншалықты белсенді болсаң да, болашақ өмірің үшін бүгіннен бастап реал кеңістіктегі өміріңнің үстінде жұмыс істегенің жөн деп санаймын! Өйткені, болашағың реал өмірде жүзеге асатытына мен кепілмін.