«Көшіргендер» ұсталды: Магистратураға тапсырушыларды жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары бақылайтын болады - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Министрлік өкілдері де отырады

Ақмола облысының жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері магистратураға тапсырушылардың емтиханын бақылап, «көшіргендерді» ұстады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар плафтормасы Тенгриньюсқа сілтеме жасап.

Агенттік қызметкерлері бұл жолы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде тапсырып жатқан түлектердің емтиханын бақылаған.

- Ұйымдастырушылар тарапынан да, түлектер тарапынан да тыйым салынған заттарды (смартфон, шпаргалка, т.б.) қолданудың, орнына адам кіргізу мен тестілеу кітапшасын әкеліп беруді болдырмас үшін қоғамдық мониторинг өткізілді. Тестілеу залдарына бейнебақылау камералары орнатылып, сол арқылы бақылау жүргізілді, - деп хабарлайды агенттік.

Бақылаушылардың айтуынша, түлектер тестілеу кітапшасын таратып бергеннен кейін-ақ «көшіруге кіріскен». 

Смартфондарын алып шығып, суретке түсіріп, үшінші бір тұлғаларға жібермек болған. Оларға тәуелсіз бақылаушылар мен министрлік өкілдері тарапынан ескерту жасалды.

- Егер тағы да тыйым салынғанды затты қолданатын болса, онда тестілеу залынан шығарылып, емтихан нәтижесі жойылады, - дейді министрлік өкілдері.

Елдің Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, биылғы магистратураға түсуші түлектер 27 тестілеу орнында емтихан тапсырады. Олардың барлығында Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары мен министрлік өкілдері бақылау жасайтын болады.


0 Пікір Кіру