Саясат
Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Құрбан айт мейрамын атап өтті және Түркияға қарсы террорлық шабуылдар мен экономикалық шабуылдарға тойтарыс беруге бел байлады деп хабарлайды “TRT WORLD” ақпараттық сайты.
Президент Режеп Тайып Ердоған 10-шы тамыз күні, сенбіде, Түркияның дамуына қарсы болған тараптармен күресуге сенім білдірді.
- Біз террористік шабуылдардан бастап экономикалық тұзаққа дейін әртүрлі әдістерді қолданып, Түркияның дамуын тоқтатпақшы болған адамдарға мүмкіндік бермейміз, - деді Ердоған мұсылмандардың діни мерекесі - Құрбан айт мейрамын еске алуға арналған бейне жолдауында.
Президент Түркияның өткен жылғы Құрбан айт мерекесінен бері барлық жағынан жақсы ілгерілеушіліктер болғанын айтты.
Ол Түркияның ынтымақ, бірлік және бауырластықтың арқасында қуатты болатынын айтты.
Ол1922-ші жылғы Грек армиясының сәтсіздікке ұшырауы және 2016-шы жылғы тамызда Сирияда терроризмге қарсы «Евфрат қалқаны» операциясының басталуын тілге тиек ете отырып, Түркия өз тарихында тамыз айында көптеген жетістіктерге жеткенін айтты.
- Осы жылдың тамыз айында жеңіске жеңіс қосамыз деп үміттенемін, - деді Ердоған.
Ол Құрбан айттың түрік ұлтына, бүкіл мұсылман әлеміне және адамзатқа жақсылық әкеледі деп үміттенетінін білдірді.