Bugin

Қазақстан - зайырлы мемлекет

Азаматтарға жан-жақты құқықтық білім беру қажет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылы тамыз айында "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының" президенті Какимжан Муратжанұлы Бишманов ұйымдастыруымен Алматы қаласында "Қазақстан - зайырлы мемлекет" атты үлкен көлемде бірнеше дәрістер өтті. 

Атап айтқанда, қалалық студенттер емханасы, №7 қалалық клиникалық аурухана және №25 емхана, № 12 орталық қалалық клиникалық ауруханасы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы баяндалды.

Осы шараға Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің дінтанушы докторанттары және магистранттары қатысып, белсенділік көрсетті. Іс-шара модераторы К.М.Бишмановтың тарапынан лаңкестік және экстремизм мәселелері бойынша қазіргі таңда тіркеліп отырған негізгі фактылар ұсынылды.

Баяндамашылар өз сөздерінде: "Біздің мемлекетіміздің зайырлылық сипаты - Қазақстанның дамуының маңызды шарты екенін атап өтті. Біздің дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық бейбітшілік пен толеранттылықты нығайтуға бағытталады. Соған байланысты Қазақстан дамуының зайырлылық принципінің мызғымастығын қамтамасыз ету үшін барлық қолда бар әкімшілік - құқықтық және қылмыстық – құқықтық шараларды пайдаланаотырып оны діни экстремизм мен лаңкестіктің деструктивті идеологиясы тарапынан болатын шабуылдардан қорғауымыз қажет" деген қорытындыға келді.

Іс-шараға қатысушылар талқыланған мәселелер бойынша өз көзқарастарын ашық білдірді. Олардың біздің қоғамымыздың құндылықтарының мызғымастығының негізі біздің сақтауымызды және нығайта түсуімізді қажет ететін бейбітшілік пен келісім екендігі жөніндегі пікірлері бір арнаға тоғысып жатты.

Іс-шара қатысушылары дін адамдарды рухани жақындастыруға  шақыратындығын, оларды жоғалып бара жатқан мәңгілік құндылыққа қайтаратындығын атап көрсетті. Тәуелсіз Қазақстан өз Ата заңында көрсетілгендей зайырлы мемлекет болып қалыптасуына лекция өткізілуі, азаматтарға жан-жақты құқықтық білім беруде үлкен рөл атқаратыны күмәнсіз.

Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм  мәселелерін зерттеу орталығының бас маманы Қарлыгаш Қасаинова