Bugin

Діни экстремизм мен терроризм – ғасыр індеті

Халық көп жүретін жер - базарлар мен сауда орталықтары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылы тамыз айында "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының" ұйымдастыруымен Алматы қаласының базарларында, атап айтқанда, Байсат, Жетісу, Ялян, Тастақ, Саламат, Кенжехан сауда орталықтарында діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласында заңнамалық нормаларды түсіндіру жұмыстары өтті.

Бұл кездесулердің мақсаты - қала тұрғындарына діни қатынастар саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру қажеттілігін тұрғындармен талқылау. Кездесу барысында экстремизмге қарсы тұруға бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі өзгерістерге байланысты мәселелер талқыланды. Діни ұйымдар қызметі, олардың мемлекетпен қарым-қатынасы, діншіл және дінге сенбейтін адамдардың құқықтары туралы қатысушыларды қызықтырған сұрақтар бойынша кеңес берілді. Іс-шараға қатысқандардың барлығына қазақ және орыс тілдеріндегі үлестірмелік материалдар таратылды.

- Алматы үлкен мегаполис, мұнда неше түрлі адамдар келеді. Халық  көп жүретін  жер - базарлар мен сауда орталықтары. Сондықтан жоспарлы шарамызды  осы жерлерде  өткізуді ұйғардық. Халыққа экстремизм мен терроризм қаупін барынша  түсіндірдік. Жат ағымдағы адамдарға алданып қалмаудың жолын, діншіл және дінге сенбейтін адамдардың құқықтары туралы  айттық,- дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистрі Нұрлан Орынбеков.

Спикерлер экстремизм мен лаңкестікке қарсы мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі аспектілері туралы, деструктивті діндердің және жалған діни ұйымдардың таралуының алдын алу жөнінде туралы әңгімеледі. Іс-шараға қатысушылар талқыланған мәселелер бойынша өз көзқарастарын ашық білдірді. Олардың біздің қоғамымыздың құндылықтарының мызғымастығының негізі біздің сақтауымызды және нығайта түсуімізді қажет ететін бейбітшілік пен келісім екендігі жөніндегі пікірлері бір арнаға тоғысып жатты.

Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының бас маманы Қарлағыш Қасаинова