Спорт
Белгісіз біреулер оқ атқан
Спорт порталының мәліметінше, 27 жастағы Нуньес командасындағы достарымен түнгі клубқа барған. Бірақ футболшылар түнгі клубтағы басқа адамдармен сөзге келіп, нәтижесінде шығаберісте атыс болған.
Өкінішке қарай, футболшының өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Полицейлер қылмыскерді іздестіру жұмыстарын бастады. "Коринтианс" клубының бас бапкері Андре Бие осы жағдайдан кейін полицияға барған.
"Нақты не болғанын айта алмаймын, себебі ол кезде мен ұйықтап жаттым. Қазір оқиғаның мән-жайын білу үшін полиция учаскесіне келдім. Оның сол демалыс күні командадағы ойыншылармен бірге болғанын білемін", - деді Бие.