Саясат

Ерлан Әукенов қызметінен кетті

Ол Алматы әкімінің орынбасары қызметінде 4 жыл болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қызметінен кетті.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол бұл қызметке 2015 жылы келген болатын. 4 жылда кәсіпкерлік, баспана, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік әл-ауқат, жол мәселелерімен айналысты. Бұрынғы орынбасар әлеуметтік желіні белсенді қолданатын.

Алматыдағы LRT желісінің құрылысы, BRT желісі туралы, қалалық автобус паркінің жаңаруына қатысты көп пікір білдірген болатын.