Экономика
Көпшілігі Британдық фунт ең қымбат валюта деп ойлайды, алайда олай емес...
Бұл валюталар АҚШ долларынан да құнды.
№1. Кувейт динары (Kuwaiti Dinar) KWD
1 KWD = 3.29 USD
1 KWD = 1274.53 KZT
Кувейт – үлкен байлығы бар шағын ел. Кувейт әлемге мұнай өнімдерінің елеулі бөлігін экспорттайтындықтан, оны валютасы да құнды болып отыр.
№2. Бахрейн динары (Bahraini Dinar) BHD
1 BHD = 2.65 USD
1 BHD = 1028.24 KZT
Бахрейн – Парсы шығанағындағы арал мемлекет. Бұл елдің негізгі табысы – мұнай экспорты.
Бір қызығы, Бахрейн динарының құны доллар бағамына қатысты 14 жыл бойы өзгермеген.
№3. Оман Риалы (Oman Rial) OMR
1 OMR= 2.6 USD
1 OMR= 1 006.86 KZT
Оман – Араб түбегінде орналасқан ел. Стратегиялық орналасуы арқасында оның дамыған экономикасы мен өмір сүру деңгейі жоғары.
Оман риалы Бахрейн динары сияқты долларға тікелей байланысы бар.
Бір қызығы, бұл валютаның сатып алу қабілеті жоғары болғаны соншалықты, тіпті, үкіметке 1/2 және 1/4 риал номиналындағы қағаз купюраларды шығаруға тура келген.
№4. Иордания динары JOD
1 JOD = 1.41 USD
1 JOD = 547.76 KZT
Иордан динарының жоғары құнын түсіндіру өте қиын, себебі елдің экономикасы қатты дамыған деуге келмейді және мұнай сияқты маңызды ресурстар да көп емес. Дегенмен, 1 Иордания динары шамамен $ 1.41, бұл оны әлемдегі ең қымбат 10 валюталардың бірі етеді.
№5. Британдық фунт (British Pound) GBP
1 GBP= 1.21 USD
1 GBP= 468.36KZT
№6. Кайман Аралдары Доллары (Cayman Islands Dollar) KYD
1 KYD = 1.22 USD
1 KYD = 472.62 KZT
Кайман аралдары – ең үздік әлемдік салық баспаналарының бірі болып табылады. Бұл аралда жүз банк, хедж-қорлар мен сақтандыру компаниялары билік етеді. Атап айтқанда, салық баспаналары арасындағы көшбасшылықтың арқасында Кайман аралдарының доллары шамамен 1,22 АҚШ долларын құрайды.
№7. Еуропалық Еуро (European Euro) EUR
1 EUR= 1.12 USD
1 EUR= 433.78 KZT
Тіпті, Евровалюта құнының соңғы жылы шамамен 20% жоғалғанын ескерсек те, ол әлі де әлемдегі ең күшті валюталардың бірі болып табылады.
Оның күші Еуропаның 17 еліндегі ресми валюта болып табылатындықтан, олардың арасында бірнеше экономикалық «ауыр салмақтылық» бар. Бұдан басқа, Еуро – барлық әлемдік жинақтардың 22,2%-ын (долларда - 62,3%) қамтитын әлемдегі екінші резервтік валюта.
№8. Швейцария франкі (Swiss Franc) CHF
1 CHF = 1.03 USD
1 CHF = 398.32 KZT
Швейцария әлемдегі ең бай елдердің бірі ғана емес, сондай-ақ ең тұрақты елдердің бірі болып табылады. Оның банк жүйесі өзінің «банктік құпиясы» есебімен белгілі. Сонымен қатар, олардың жоғары технологиялық тауарлары бүкіл әлем бойынша бағаланады.
№9. АҚШ доллары (US Dollar) USD
1 USD = 387.55 KZT
Американың әлемдік аренада көшбастауы есебінен оның валютасы «әлемдік резервтік валюта» деген атаққа қол жеткізді. Басқаша айтқанда, сіз әлемнің кез келген бұрышында доллармен төлеп жүре бере аласыз.
№10. Канада доллары (Canadian dollar) CAD
1 CAD = 0.76 USD
1 CAD = 292.95 KZT
Канада доллары – әлемдік резервтік валюта. Оны жиі құны 1 долларлық монетасында бейнеленген құстың құрметіне "луни" деп атайды.
ru.fxssi.com