Саясат
Семей қаласының ақпараттық орталығы
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАзаматтардың белгілі бір санаттарына мемлекет тұтынушылық кредиттерді өтеуге көмектеседі. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық Банкі ШҚ филиалы қаржы ұйымдарын бақылау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Қожатаева Салтанат Қанатбекқызының қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында баяндалды.
Мемлекет тарапынан көмек көрсетілетін қатарда көп балалы отбасылар, асыраушысының айырылуына байланысты жәрдемақы алатын, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар, мүгедек балаларды және жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бар. Бұл адамдар үшін мемлекет көлемі үш миллион теңгеден аспайтын тұтынушылық кепілсіз кредиттерден 300 мың теңгеге дейін өтеуге көмектеседі. Бұл ретте бөлінетін қаражат негізгі борышты, сондай-ақ сыйақыны өтеуге бағытталатын болады. Айта кету керек, бұл әлеуметтік көмекті алу үшін азаматтарға ешқайда барудың қажеті жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес барлық тізімдерді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі дайындайды.
Бұл көмектен еліміздің басқа да азаматтары шет қалмайды. Мемлекет барлық қазақстандықтарға қолда бар өсімақылар мен айыппұлдардың 30 пайызына дейін есептен шығаруға ниетті.
- Басты мақсат - мемлекеттің, бірінші кезекте халықтың әлеуметтік төмен топтарына бір жолғы көмек көрсету. Бұл арқылы мемлекет қомақты қаражат жұмсайды. Алдымызға қойылған барлық міндеттерді ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін орындайтын боламыз, - дейді Салтанат Қожатаева.
Бағдарламаның үшінші бағыты қарыз алушылардың құқықтарын қосымша қорғау болып табылады. Бұл бағытта мемлекет табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарды несиелендіруге тыйым салатын болады. Бұдан өзге, онлайн-кредит беруді жүзеге асыратын қаржы ұйымдарына бақылауды күшейту жоспарлануда.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61