Саясат

Билік сені бір күні құртады деп...

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Билік сені бір күні құртады деп,

Бүгін досым тағы да қыртады кеп...

Бүгін менің сөзімді ескермейді, 

Орталықтың бұл тағы бір табы деп.


Тимеген соң басына ұр тоқпағы,

Біреу кетті таңертең қыртып тағы...

Елдің мұңын айтудан жалықпаймын,

Қазағымның жамалмай жыртықтары...


Қандай көмек тигізем ұлтқа мынау?!

Бұл қоғамда біреудің қыртқаны дау.

Бәрі  ақылды шетінен бәрі мықты.

Керек емес жұртқа - би, жұртқа - жырау.


Қарсы емеспін ақылсыз десе мені,

Десін біреу бұл кіші есебі еді...

Ұлтымды ойлап күн кешіп жүрген менің,

Маңдайымның соры да, бес елі еді...

Жылқыбайұлы Жауынбай