Саясат

Жүргізушілер жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты

Шерушілер жалақыны көтеруді талап етіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Португалияда жанар-жағармай тасымалымен айналысатын жүргізушілер ереуілге шықты.

Шерушілер жалақыны көтеруді талап етіп жатыр. Осыған байланысты жергілікті билік тұрғындарға жанармай сатып алуда қиындықтарға тап болатындарын ескертіп жатыр.

Айта кетсек, Португалияда осыдан 4 ай бұрын дәл осындай наразылық шарасы өткен еді. Сол кезде 2 мыңға жуық жанармай құю бекеттерінде отын тапшылығы туындаған еді. Ал қазіргі таңда ел аумағындағы 3 мың бекеттің 15%-і отынсыз қалып отыр.

Хабар 24