Саясат

Арыста жаңа қақпаның іргетасы қаланды

Заманауи нысанды жаңа қақпа салынады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Арыс қаласына кіреберісте жаңа қақпа салынады.

Заманауи нысанды еліміздің Кәсіподақтар федерациясы салып бермек. Федерация төрағасы Бақытжан Әбдірайымның қатысуымен Арыста қала қақпасының іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыстың атқамінерлері мен Арыс қаласының тұрғындары, қоғамдық белсенділер қатысты. Құны 30 млн теңге болатын нысан қаланың төлқұжатын сыйпаттайтын болады.

Айта кетейік, қала 17 секторға бөлінген. Оны қалпына келтіру жұмыстарына еліміздің барлық аймағы атсалысуда. Бұл игі шарадан кәсіподақтар федерациясы да тыс қалмай, сәулеттік құрылысы ерекше нысанның бой көтеруіне өзіндік үлес қоспақ. Одан кейін Арыс қаласының әкімдігінде федерация төрағасы қала тұрғындары мен ардагерлеріне кәсіподақ атынан шипажайларға тегін емделуге жолдама берілді. Сондай-ақ қала тұрғындары үшін қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне дастархан жайды. Игілікке - ел разы.

Бақытжан Әбдірайым, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

- 10 қазан күні Кәсіподақ күні болады. Сол кезде осы қақпаны ашамыз. Халықты шақырамыз. Бұл Арыстың шынайы символына айналатынына мен толық сенемін.

Хабар 24