Саясат
Парсы шығанағындағы жағдай ушығып бара жатыр
Иран билігі кез келген уақытта Парсы шығанағындағы кез келген кемені, тіпті, ол кеменің қасында Америкалық немесе Британдық күштер бірге жүрсе де, басып ала алады. Бұл туралы Ислам революциясы күзет корпусының командирі, адмирал Алиреза Тангсири мәлімдеді.
Ол, сондай-ақ, Иранның теңіз күштері Ормуз бұғазында және Парсы шығанағында қауіпсіздікті өз бетінше қамтамасыз етуге қабілетті және шетелдік қатысуды қажет етпейді деп атап өтті.
- Егер шығанақта Израильдің күштері пайда болса, ол соғысқа әкелуі мүмкін, - деп ескертті адмирал.
Тангсири АҚШ пен Британияны, Парсы шығанағы суларында өздерінің қатысуын ақтау үшін "түрлі сценарийлерді" ойлап тауып жатыр деп айыптады. Сондай-ақ, америкалық тарап Иранды мұнай танкерлеріне шабуылға негізсіз айыптайтынын айтып өтті.