Саясат
Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдай ушығуда
Пәкістанның премьер-министрі Имран Хан Үндістанның Кашмирдегі "мұсылмандарға қарсы бағытталған" қазіргі саясаты туралы айтып, оның мақсаты даулы аймақтағы "этникалық тазалау" деп атады.
- Оккупацияланған Кашмирдегі коменданттық сағат, қуғын-сүргін мен кашмирліктердің геноциді, "Раштрия сваямсевак сангхтың" (Үндістандағы ұлтшылдық ұйымның), нацистік идеологиясының көлеңкесінде пайда болады. Оның мақсаты - этникалық негізде ұлтшылдыққа берілу арқылы Кашмирдегі жергілікті халықтың үлесін өзгерту, - деді Пәкістанның премьер-министрі өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Имран Хан мұнымен шектелмеді. Ол Кашмирде болып жатқан жағдайды 1938 жылғы "Мюнхендік келісіммен" (Чехословакияның Судет облысының нацистік Германияға өтуі) салыстырды. Осыған байланысты Пәкістан Ислам Республикасы Үкіметінің басшысы, әлемдік қоғамдастықты Кашмирдегі жағдайға қатысты әрекетсіздік танытып, еш қатыспай, бақылаушы болып отыр деп айыптады.