Weekend

Гренландиядан ең қарты акула табылды

Жасы 500-ге келген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Гренландия ғалымдары 500 жыл алдын дүниеге келген акуланы тапты, бұл туралы The Sun басылымы жазды. 

Қарт акула, шамамен, 1505 жылы дүниеге келген. Бұл Ұлыбританияда Генрих VIII, ал Ресейде Иван Грозныйдың әкесі Василий III билік құрған кез. Ғалымдар оның жасын ұзындығына қарап анықтаған. Себебі гренландия акулалары жылына бір ғана сантиметр өседі. Қазір акуланың ұзындығы 5,4 метрді құрап отыр.

- Бұл - омыртқалы жануарлар ішіндегі ең қарт тіршілік иесі. Бұл ғылым үшін үлкен жаңалық. Біз акуланы бақылауға алып жан-жақты зерттейтін боламыз, — дейді профессор Ким Пребел. 

Сондай-ақ ғалымдар акуланың ДНК құрамын да зерттемек. Бұл зерттеу акуланың қалайша ұзақ өмір сүргендігін анықтауға бағытталмақ.

Гренландия акулалары - солтүстік мұзды мұхитты мекендейтін жалғыз акула түрі. Олардың орташа өмір сүру ұзақтығы - 270 жыл. Ал ұзындығы 2,4 немесе 3 метрді құрайды. Көбіне кіші балықтармен қоректенеді. Ал қарт акуланың асқазанынан бұғы мен аттың қалдықтары табылып отыр.