Саясат

Атамбаев өмір-бақи түрмеге қамалуы мүмкін

Экс-президентке тағылған айып көп

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа кісі өлтіргені және басқа да аса ауыр қылмыстары үшін айып тағылды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Қырғызстанның бас прокуратурасының өкіліне сілтеме жасап.

Адам өлтіруден басқа Атамбаевқа жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін, адамдарды кепілге алғаны және билік өкіліне қарсы күш қолданғаны үшін айып тағылып отыр. Оған өмір бойы бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Ал кісі өлтірді деген айыптың тағылуына Атамбаевтың резиденциясына шабуыл жасау кезінде арнайы жасақ қызметкерінің қаза табуы әрі оның президент үйінде табылған снайперлік винтовкадан жаралануы себеп болып отыр. 

 - Оның үйінде көптеген қару-жарақ, соның ішінде СВД винтовкасы табылды. Атамбаев ұстау кезінде, менің жігіттеріме алты рет оқ атқанын мойындады, — деп хабарлайды ТАСС агенттігі Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚКД) басшысының сөзін жеткізе отырып.