Weekend
Қазақ эстрадасында өзіндік орнын тауып, халықтың кейбір бөлігінің сүйіспеншілігіне бөленген 91 тобын көпшілік жақтыра бермейді. Ашып айтсақ кейбір үлкен буынның бөлшегі жақтырмайды. Неге?
Кез келген өнер саласында 3 принцип бар: оқиға басы, кульминация және оқиға соңы. Сол секілді Қазақстанда кейбір өнердің форматтары кульминация уақытынан өтіп кеткелі қай заман.
Ал белгілі бір форматқа үйреніп қалған адамдарға жаңа зат ұсыну қиын-ақ. Тамыры нығайып қалған ағашты кесуден басқа шара қалмайды кейде. Сол үшін шығар, барлық сынға шыдап көрген 91 тобы өз істерін әлі жалғастырып келеді.
Екіншіден, олар кәріс елінің тізесі шығып кеткен стилін көшіріп басқаннан басқа ешнәрсе жасамады деген пікір бар. Алайда ол шындыққа жақын келмейтін секілді. Кез келген кәріс әндерін сүйіп тыңдайтын адамдардан сұраса, олар Қазақ (Q-pop) стилін ерекше және мүлдем кәріс әндеріне ұқсамайтынын айтуда.
Үшіншіден, ең қарапайымы - көреалмаушылық.