Саясат

Халық аманатын көтеру бізге жүктеліп отыр: Дана Нұржігіт сенаторлыққа тағайындалуы жайлы

Биыл саясатқа араласып жүргендермен бірге тілшілер де сенат қатарына қосылған еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Тоқаевтың Жарлығымен сенат депутаты болып сайланған тележүргізуші Дана Нұржігіт жаңа қызметі жайлы пікір білдірді.

 - Қадірлі оқырмандарым, қымбатты отандастар! Маған жолдаған құттықтауларыңызды оқып отырмын. Көп рақмет! Президент Жарлығымен маған жүктелген міндеттің мәртебесі қаншалықты биік болса,салмағы атан түйеге жүк боларлық соншалықты ауыр екенін жіті түсініп отырмын. Халық аманатын көтеріп,көптің үмітін ақтау енді біздің буынға жүктеліп отыр.Арық сөйлеп,семіз шықсын деймін... Қал-қауқарымша адал еңбек етіп, ел өмірінен ажырамай, кабинет қызметкері емес, халық қызметшісі болуға ұмтыламын, - деп жазды су жаңа сенатор Instagram желісіндегі парақшасында. 

Сондай-ақ, Дана Нұржігіт тілшілікті де тастамайтынын айтып өтті. 

- Сол жердегі кездесулер, үлгі тұтар тұлғалардың ақылы, тәжірибесі, кеңесі халық пен заман тынысын, тіршілік тамырының соғысын сезінуге айтарлықтай септігін тигізері анық. Үлкен диірменге, майданға кетіп бара жатырмын... Атымды ерттеп, Батаңызды беріп, ақыл қосқан баршаларыңызға алғыс айтамын! Алла абырой берсін деймін..., - деп жазды ол.

Айта кеткен жөн, кеше Президенттің жарлығымен бірқатар тағайындаулар жасап, Мәжілістің Сенат палатасына жаңа өкілдерді енгізген болатын