Weekend
Жиі кездесетін жағдай
Өткенде бір кафеде стакан сындырып алдық. Официант жүгіріп келіп: "Балаңыз стакан сындырып қойды, төлеңіз",- деп, батырым деп жүрген баламның зәресін ұшырды. Официанттың бұл подходын жақтырмадым, баламды да жығып бергім жоқ: "Жарайды, төлейміз",- деп, қысқа қайырып қоя салдым. Балама: "Ештеңе етпейді, твоя мама волшебница, қазір көресің, стаканға әдейі төлемей кетеміз, алаңдама, ойнай бер",- деп, көзімді қыстым.
Сомен қайтататын уақыт болды." Счетті әкел",- дедім. Чекті әкелді. Базарда 6 штугі 1000 теңге тұратын стакан, мұнда 1 штугі 1000 теңге деп қойыпты.....
Өля, енді не істедім? Балама: "Твоя мама волшебница",- деп қойдым......
Бір жұтындым да: "Менюді әкел",- дедім. Қасақана менюде де 1000 теңге деп тұр екен... Администратора позови" дедім. Шақырды.
"Мой сын нечаянно разбил стакан. Я бы хотела заплатить. Предоставьте пожалуйста документы на стакан, ГОСТ номер стакана и срок годности использования по стандарту....
По стандарту вы должны каждый год обновлять посуду в том числе и стаканы",- дегеннен бастап едім.......
"Сейчас",- деп кетіп қалды. 10 минуттан кейін келіп: "Вы можете не платить за стакан",- дей қалғаны.....
Керемет, тамаша..
Мен не үшін принципке кеттім?
Кез келген официант сабырлы және қонақжай болуы керек. Балама ескерту жасамай-ақ, үндемей, счетқа қосуы керек еді. Бір стаканда және бағасында тұрған ештеңе жоқ..
ЕСКЕРТУ: Ресторан, кафе, тойханаларда әр ыдыстың ГОСТ нөмірлері, әр ыдыстың құжаты болуы керек. Сонымен қатар, чек, ыдыстың бағасы, сатып алған орны (мөрімен)
Егер аталған құжаттар болмаса, менюге БОЙ ПОСУДЫ деген парағы болмауы керек. Өйткені біз за обслуживание 10-15 % төлейміз. Оның 5% сынған ыдыстардың шығыны.
Одан бөлек, біз сынған ыдыстың тек 20% төлеуіміз керек.
Сөздің қысқасы, осының бәрін айта келе, бірде-бір құжат көрсетпеген соң, төлемей кетіп қалдым. А че? Менікі де дұрыс. Не үшін менің балам сыртта өзін кінәлі, дискомфорт сезінуі керек.
Балама кері тәрбие бердім деп есептемеймін. Тек, өз позицияңда тұрудың бірден-бір жолын үйреттім. Сонымен қатар, мамасы баласын ешуақытта біреудің алдына жығып бермейтінін көрсеттім.
Үйде ыдыс сынса: "Ештеңе етпейді, балам, қолыңды кесіп алмасаң болды. Денсаулық болса, бәрі болады",- дейміз ғой.