Саясат

Польша әскерін екі есеге ұлғайтуы мүмкін

Бұл туралы қорғаныс министрі мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Польшаға кем дегенде екі есе әскер қажет. Бұл туралы Польшаның Ұлттық қорғаныс министрі Мариуш Блащак "Польша радиосы" эфирінде мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Польша әскері 100 мың сарбаздан тұрады. Оның айтуынша, олардың санын кем дегенде 200 мыңға дейін жеткізу қажет. 

- Мен Польшаның әскері одан да көп болуы тиіс екеніне сенімдімін, өйткені, бұл қауіпсіздік кепілі, — деп атап өтті ол.

Қорғаныс министрі өзінің саясатының басым бағыты әскер санының артуы болатынын алға тартты. 

- Польша қауіпсіз болса, сонда ғана еліміз дамиды, — деді ол.

Блащактың айтуынша, "Польша Республикасының солдаты бол" науқаны солдаттардың санын екі есе көбейтуге көмектеседі. Бұл бағдарламаның қалай жүзеге асырылатыны әлі белгісіз бірақ.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61