Саясат

Қытай АҚШ-тың екі кемесін Гонконгке кіргізбей қойды

Қытай Гонконг ісіне АҚШ араласты деп сынаған болатын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай АҚШ-тың екі әскери кемесінің Гонконг портына кіруге рұқсат алу туралы сұранымына рұқсат бермеді, деп хабарлады АҚШ әскери теңіз күштерінің Тынық мұхиты флотының ресми өкілі Нейт Кристенсен.

- Қытай үкіметі Гонконг портына кіру туралы сұранымды қабылдамады, - деп мәлімдеді ол.

Әскери шенеунік журналистерге рұқсаттың болмауына қатысты сұрақтарын Қытай тарапынан сұраңыздар деп жауап жіберген.

"Гонконг Қытайдың ішкі мәселесі" деп мәлімдеген Пекин бұған араласқан АҚШ пен басқа да мемлекеттерге сын айтып, бұған "бас сұқпауларын" талап еткен болатын.