ДАМУ

Қонаевпен сырласу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мұхтар  Шаханов: «Жұрт арасында сізді қазақ емес, туысқан татар ұлтының өкілі деген әңгіме жиі-жиі естіледі...»

Дінмұхамед Қонаев: «Менің атам, яғни әкемнің әкесі Жұмабай Қонайұлы Хадиша атты татар қызына үйленген екен. Бұл оқиғаның біздің әулеттің бет-әлпетіне елеулі түрде әсер еткенін байқауға болады. Бірақ біздің қазақ ұлтты да, руды да еркек кіндікке, атаға қарап жіктейді емес пе? Айтатындар айта берсін. Осы жағынан қарағанда өз басым 100 пайыз ҚАЗАҚПЫН!».

Осы мәселеде Қонаевтың туған қарындасы Сара Қонаева өз ата-тегі туралы: «Ата-бабамыз елге сыйлы, қадірлі Жұмабай мен Қонай батырлар болған. Димаш ағам – қазақ. Ұлы жүздің Үйсінінен Ақсақал (Абақ), одан Қараша би, одан Бәйдібек туады. Біздің ата-бабамыз сол Бәйдібектің екінші әйелі Зерептен туған Жалмамбеттің Ысты деген баласынан тарайды. Жеті атамыз: Жолын – Нұрманбет – Азынабай – Қонай – Жетібай – Жұмабай – Меңдіахмет – Дінмұхамед... Әкеміз Меңдіахмет... 1976 жылы 90 жасқа қараған шағында дүние салды. Анамыз Зәуре бұрынғы Шелек ауданының орталығындағы сіңірі шыққан кедейдің қызы болған. Ол 1973 жылы 86 жасында дүниеден өтті...» - дейді.

Вконтакте желісіндегі «Қазақстан тарихы» парақшасынан