Экономика
Елдің Ішкі істер министрлігі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстанға енгізілген көліктерді қалай тіркеу қажеттігін мәлім етті
Тәртіп сақшылары Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жататын Армения, Қырғызстан, Ресей мен Беларуссиядан енгізілген көліктерді Қазақстанның шекарасын басып өткеннен кейін, он күннің ішінде уақытша тіркеуге қою керектігін айтуда, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы kolesa сайтына сілтеме жасап.
Әзірше, бұдан басқа заңды жолы болмай тұр. Қазақстандық азаматтармен бірге шетелдік азаматтар да мініп келген көліктерін уақытша тіркеуге қою керек.
ҚР ІІМ-нің ӘПК Мемлекеттік автокөлік инспекциясы басқармасының басшысы Юрий Козловтың айтуынша, азаматтарға онлайн тіркеу арқылы да көлікті уақытша тіркеуге қоюға болады. Ал уақытша тіркеудің былайғы мерзімі – бір жыл. Автокөлік иелері бір жылдан кейін көлікті бәрібір кедендік салықтардың барлығын төлеп, тұрақты тіркеуге қоюы керек.
Ал тұрақты тіркеуге қоймаған жағдайда, елден шығаруы тиіс. Ал ол көлікті қайтадан елге тек 3 айдан кейін ғана кіргізуге болады.
Козловтың айтуынша, бұл ұсыныс әзірше жоба күйінде қаралап жатыр. Әлі де өзгерістер болуы мүмкін. Ал қандай шешім болатынын қазірше айту қиындау.