Саясат
9 түрлі қылмыс бойынша айыпталып жатыр
Ал Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың өзі тағылып отырған айыптарды естіп, таңқалып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы knews.kg сайтына сілтеме жасап.
Атамбаевтың адвокаты Сергей Слесаревтің айтуынша, оған 9 түрлі қылмыс бойынша айып тағылып отыр.
- Өзіне тағылған айыптарды естіп, қатты таңқалды әрі куәлік беруден бас тартты, - дейді Слесарев.
Атамбаевқа бұған дейін ҚР ҚК-нің «Жаппай бассыздық ұйымдастыру», «Адам өлтіруді ұйымдастыру», «Адамға қастандық жасауды ұйымдастыру», «Тұтқындарды ұстауды ұйымдастыру» сынды айыптар тағылып отыр.
Бұларға жаңадан қосылған тағы да екі айып бар: ол – Бішкек ЖЭС-ін жаңарту мен Форум ғимаратын сатып алуда жемқорлыққа барды деген айып. Форум ғимараты – Бішкек қаласының ортасындағы қосқабатты ғимарат, Атамбаевтың штаб-пәтері. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, бұл ғимаратты сатып алу кезінде Атамбаев бірқатар заңбұзушылықтарға барған.