Weekend

15 тамыздың кинопремьералары

Осы аптада - ашулы құстар, адам жегіш акула мен Джон Сноу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осы уикендтің хедлайнерлері – ашулы құстар. Одан бөлек акула туралы қорқынышты триллер, Джон Сноуды ойнаған актердің жаңа жұмысы, басқа да фильмдер бар.

«Angry Birds кинода 2» («Angry Birds 2 в кино» / «The Angry Birds Movie 2») [6+]: әйгілі мобилдік ойын экранизациясының екінші бөлімі.

Мультфильм сюжеті бірінші бөлімнің оқиғасын өрбітеді. Бұған дейін жауласып келген ашқарақ жасыл шошқалар мен ашулы құстар бірігуге мәжбүр болады. Жаңадан пайда болған ортақ жау - мұз аралдың тұрғыны Зета. Ол жылы жақта өмір сүретін тұрғындарға шабуыл бастайды.

«Менің періштем»(«Ангел мой» / «Angel of Mine»)[16+]: Нуми Рапас, Люк Эванс, Ивонн Страховски ойнаған австралиялық триллер.

Сюжетте кішкентайынан айырылған Лиззи есімді келіншек туралы баяндалады. Қайғысын ұмыта алмай жүрген ол бірде кішкентай қызды кезіктіріп, оны өзінің баласы деп қабылдайды.

«47 метр тереңде: Босау»(«Синяя бездна 2» / «47 Meters Down: Uncaged») [16+]: 2016 жылғы аттас картинаның сиквелі. Бұл жолы оқиғалар басқа кейіпкерлермен байланысты өрбиді.

Үш құрбы су астындағы қала орнын зерттеуге аттанады. Алайда тереңде акулалардың шабуылына ұшырайды.

«Джон Ф. Донованның өлімі мен өмірі» («Смерть и жизнь Джона Ф. Донована» / «The Death and Life of John F. Donovan»)[18+]: «Тақтар ойыны» сериалында Джон Сноу рөлімен белгілі актердің қатысуымен түсірілген канадалық драма.

Басты кейіпкері – америкалық танымал актер Джон Донован. Ол карьерасы үшін дәстүрлі емес жыныстық бағдарын жасыруға мәжбүр. Джон 11 жасар баламен хат алмасып, басы бәлеге қалады.

Сондай-ақ, «Голоса с того света» / «Morto Não Fala» деген бразилиялық хоррор мен «Мобильный воин Гандам: Нарратив» («Mobile Suit Gundam NT») атты жапон анимесі прокатқа шықты.