Саясат

Атамбаевтың кенже ұлы: Әкемді ойластырған арамдықпен ұстап әкетті (Видео)

Қадыр Атамбаев неге мұндай мәлімдеме жасағанын түсіндіріп, нақты деректер ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың кенже ұлы Қадыр Атамбаевтың болған оқиғадан кейін NL KG YouTube арнасына берген сұхбатында құқық қорғау органдарының арандатушылыққа барып, әдейі әкесін ұстап әкеткендігін айтып келесідей мысалдарды ұсынады:

- Құқық қорғау органдары қасақана арандатушылыққа барып, барынша зардап шегушілердің санын көбейтіп, ең соңында соның барлығын әкеме жаба салуға күш салғанға ұқсайды. Оған дәлелдерім де көп. Мәселен, біріншіден, қарулы топ басып кіру уақытын да әдейі кешкі уақытты таңдап алған. Яғни, кешке таман жарты сағатқа әкем үйдің ауласына шығып, өзімен кездесуге келген азаматтармен жүздеседі. Олардың арасында жай ғана суретке түсіп, әкемнің қолын алу үшін келгендер де бар. Әйелдер мен балалар да болды. Арнайы жасақ дәл осы уақытты пайдаланып, үйге басып кірмек болды, - дейді кіші Атамбаев.

Оның үстіне, олардың таңдап алған мекені де әдейі арандатушылық үшін жасалған.

- Яғни, егер арнайы жасақ әкемді, шынымен де, ұстағысы келсе, резиденцияның алдыңғы қақпасымен емес, артқы ашық жатқан қақпамен жасырынып кіруіне болар еді. Жо-о-қ, олар, керісінше, адам көп топталып жүрген алдыңғы қақпадан секіріп кірді. Ал аулада жүрген, дүрліккен жұрт аман қалу үшін қалай қарай қашады деп ойлайсыз? Әрине, өздері кірген алдыңғы қақпаға қарай жүгіреді. Соның кесірінен, зардап шегушілер де көп болады. Ал жоғарыда айтқанымдай, үйдің ауласында бала-шаға мен әйелдер көп жүргендіктен, оны құтқару үшін ауылдағы отағасы ер азаматтар да аянып қалмасы анық. Олар, шын мәнінде, Атамбаевты емес, өз отбасын құтқаруға келген азаматтар болатын. Яғни, адамдарды өшіктіруге, айдап салуға тырысқан, - деп түсіндірді Қадыр Атамбаев.

Одан бөлек, кіші Атамбаевтың айтуынша, резиденцияға 20 шақты жауынгер басып кірген. Ал кейін құқық қорғау органдары Атамбаевтың үйінде 40-50 шақты қару қалып қойғандығын айтып, мәлімет таратты.

- Сонда 20 жауынгерден екі есе көп қару қалғаны қалай?! Оның үстіне, олар қаруды әдейі тастап кеткен. Олар қолдарына алсын деп. Мұның барлығы зардап шегушілердің санын көбейтетіні анық, - деп дәлелдеді Атамбаевтың ұлы.