Weekend
Жайдарманда Халықаралық жастар күні тойланды
Жайдарман – өнерлі де өнегелі жастардың басын сахна төрінде біріктіріп, шығармашылық ортаға жол салатын жоба. Биылғы жастар күні қарсаңында да еліміздің әр аймағының үздік жайдармашылары үшін жазғы фестиваль ұйымдастырылды. Елорда төрінде өткен жайдарман ойындарының республикалық жастар жазғы фестиваліне барлығы 15 команда қатысты. Олардың қатарында тәжірибелі және жас топтар бар.
- «Маңғыстау.kz» Қазақстан Теміржолы ұлттық компаниясының құрамасы
- «Медиум» Тараз қаласынан
- «Квартал» Орал қаласынан
- «Қазақпыз ғой» Павлодар қаласы
- «АҚ құрамасы» Семей қаласы
- «Бренд» Қостанай қаласы
- «Әуезов құрамасы» Семей қаласы
- «Сарыарқа құрамасы» Нұр-Сұлтан қ
- КазАТК – Алматы қаласы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы,
- «Грация» Нұр-Сұлтан қаласы
- «Жарлыөзек» Алматы облысы
- «Эконом класс» Ақтөбе қаласы
- «Мед универ» Семей қаласы
- «Дарын» Қостанай қаласы
- «Қазалы» Қызылорда облысы
Осы аталған командаларға тиісті ұпай сандарын үлестіріп, үздіктерін анықтау міндеті арнайы қазылар алқасына жүктелді. Олардың қатарында Дана Нұржігіт, Бақтияр Артаев, Дәулет Кәрібек, Бақтияр Мәкен, Ерлан Аңдасбаев бар. Сайыс барысында көрермендердің ыстық ықыластарына бөленген командалар анықталып, сахна төрінде марапатталды.
Айта кетейік, аталмыш жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранты аясында Қазақстан КВН Одағы Республикалық жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп жүзеге асырылуда.