Weekend

Шымкентте халық емшісі 13 жастағы баланы өлтіріп алды

Халық емшісі баланы емдемек болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Халық емшісі жасөспірімнің сынған қолын емдеген деген болжам жасалып отыр

Шымкентте емшіге барған 13 жастағы бала көз жұмды.

12 тамыз күні шамамен түнгі сағат 22.00-де жедел жәрдем көлігі 18-шағынаудандағы № 13 үйге келген, 2006 жылы туған балаға медициналық көмек қажет болды. Алайда дәрігерлер келгенше бала жан тапсырған.

Болжамдардың бірі бойынша, халық емшісі 13 жастағы баланың сынған қолын емдеген, бала соның салдарынан қайтыс болуы мүмкін. Оқиға орнында Еңбекші аудандық полиция бөлімінің тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Журналистер оқиғаның мән-жайын білу үшін Шымкент қаласының полиция департаментіне сұрау жолдады. Қайтыс болған баланың ата-анасы полицияға шағым түсірді ме, жоқ па, әзірге белгісіз. Белгілісі, жасөспірімді емшіге ата-анасы әкелген.

sputniknews.kz