Саясат

52 адам тірідей өртеніп кеткен: Автобустың иесіне сот үкімі шықты

Автобус жүргізушісі қолға түсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ер адам 50-ден астам адам көз жұмған трагедиядан кейін бір жылға тарта уақыт өткен соң ұсталды   

Сарыағаш аудандық сотында 2018 жылдың қаңтарында ішінде 52 адам өртеніп кеткен жолаушылар автобусының иесі Ордухан Мехтиевтің ісі бойынша сот отырысы аяқталды.

Оқиғадан кейін жолаушылар автобусының иесі Ордухан Мехтиев қашып кеткен болатын. Оған халықаралық іздеу жарияланып, бір жылға тарта уақыттан кейін, 2018 жылдың желтоқсанында Ташкентте ұсталды.

Тергеу аяқталғаннан кейін ол Қылмыстық кодекстің 348-бабының 4-бөлігінде (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқққан техникалық ақаулығы бар көлік құралдарын пайдалануға беру) қарастырылған қылмысты жасады деген айыппен сотқа тартылды.

Сот отырысы судья Тасболат Машраповтың төрағалығымен өтіп, алты айға жуық уақытқа созылды. Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оны үш жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 18 қаңтарында Ақтөбе облысында Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Түркістан облысы) шекаралас аумағынан Өзбекстан азаматтарын Ресейге апара жатқан жолаушылар автобусы өртенді. Оқыс оқиға салдарынан 52 жолаушы – 25 пен 40 жас аралығындағы ер адамдар сол жерде көз жұмды.

Осы іске қатысты өткен жылдың тоғызыншы қарашасында бес адамға сот үкімі шықты. Шымкенттегі "Азия транзит" ЖШС-нің құрылтайшысы мен автопарк механигі 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды. 

Тірі қалған үш автобус жүргізушісінің әрқайсысы 5 жылға сотталды. Сонымен қатар сотталушыларға жәбірленушілердің әрқайсысының отбасына 2 миллион теңгеден моралдық шығын өтеу міндеттелді.

sputniknews.kz