Саясат
Осыдан үш күн бұрын ірі көтеріліс алаңына айналған Гонконгке өзінің ішкі армиясын, яғни, халық полициясын жақындатқан болатын
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБұрын да хабарлағанымыздай, Қытай әскери жаттығуларды сылтауратып, Гонконг қаласына жақын 10 млн адам тұратын Шэньчжэн қаласына әкеп кіргізген болатын. Қытай мұны Гонконгтегі наразылыққа шыққандарды қорқытып, үркіту үшін жасап отырғаны белгілі.
Global Times басылымында жарияланған видеоға қарағанда, бірнеше колоннаға бөлінген қарулы күштердің әскери техникаларымен де бірге келгенін көруге болады.
Егер Гонконгтегі көтеріліс жаппай бассыздық пен бүлікшілікке айналса, онда Қытай лаңкестік пен террористік акт не ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіру сынды басқа да сылтаулармен автономиялық аймаққа басып кіруі мүмкін. Осылайша үш айға созылған қоғамдық наразылықты әскери күшпен басуды ойлап отырғанға ұқсайды.
Гонконгтегі көтерілістің өзі де Қытай үкіметіне қарсы бағытталғандықтан (Қытай үкіметі іздеу жариялаған қылмыскерлерді Гонконгтен экстрадациялау) әрі Гонконг билігінің наразылықты басуға қауқарсыз болып отырғандықтан, қытай билігі араласуға бел буғанға ұқсайды. Одан бөлек, қытай үкіметі аралдағы бас көтеруге АҚШ-тың да қолтыққа су бүркіп, Қытайға қарсы айдап салып отырғанына алаңдатушылық танытып отыр.
Сонымен, Қытай Гонконгке әскер кіргізетін болса, салдары не болмақ?
Ең алдымен, батыс саясаткерлерінің айтуынша, ең алдымен Қытайдың әлем алдындағы саяси мәртебесі төмендеп, мұның соңы экономикалық дағдарысқа әкелуі мүмкін. Өйткені Қытай мен Ұлыбританияның арасында 1997 жылы жасалған 50 жылдық шарт бар: яғни, 2047 жылға дейін Гонконг Қытайдың «ерекше аймағы» болғандықтан, оған ешкімнің қол сұғуға қақысы жоқ. Ал Қытай бұл аймаққа әскер кіргізіп жіберсе, Гонконгтың «ерекше аймақ» мәртебесі аяқ асты болмақ. Яғни, Қытайдың қоластына өткен жер болып саналмақ.
- Қытай билігі қаруланған халық полициясын пайдалану арқылы наразылыққа шыққандарды қорқыту үшін немесе интервенция жасап, басып-шаншу үшін іске қосуды ойлап отыр. Қалай десек те, бұл саяси болсын, экономикалық болсын өте қауіпті қадам, - деп атап өтті Сиднейдегі Lowy Institute институының ғылыми қызметкері Бен Бланд.
Мәселен, қытай үкіметі 1989 жылы Тань ань Мень алаңына шыққан студент жастарды басып-шаншыған соң, әлемде абыройсыз қалып, екі жыл бойы экономикалық дағдарысқа тап болған еді.
- Қытайдың тағы да қатыгездікке баруына жол жоқ. Ал Гонконг халқы автономиясы мен еркіндігін сақтап қалу үшін аянбай ерлік танытуда, - дейді АҚШ сенаторы Митч Макконнел.
Соған қарағанда, Қытай халық армиясын көтіріліске шыққандарды жасқандыру үшін ғана жақын маңға әкеп орналастыруы мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61