Bugin
Өз қаруымен атқан
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚырғызстанда бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты "тергеуге мәжбүрлеп жеткізу" операциясы кезінде мерт болған мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Альфа" арнайы жасағы командирінің орынбасары полковник Усенбек Ниязбековтің қазасына күдікті ұсталған. Бұл туралы ақпаратты жәбірленуші тараптың адвокаты Кайрат Загибаев растады.
Жергілікті бірқатар басылымдар күш құрылымдарындағы дерек көздеріне сілтеме жасап, офицерді өз қаруынан атқан және күдікті мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысына қамалған деп хабарлады.
Арнайы қызметтің айтуынша, бұл іс бойынша ішкі істер министрлігі тергеу жүргізіп жатыр. Ішкі істер министрлігі бұл жөнінде ақпарат кейін берілетінін айтты.
13 тамызда Бішкектегі баспасөз мәслихатында Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Орозбек Опумбаев "сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша, Ниязбековті кеуде тұсына тақап атқаны анықталды" деп мәлімдеген.
Айта кеткен жөн, бұған дейін Алмазбек Атамбаев оны ұстауға келген жауынгерлердің бірі оның қолынан қаза табуы мүмкін екендігін айтқан болатын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61