Саясат
Жас футболшының өлімінің себебі анықталды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com"Оқжетпес" жастар клубының он тоғыз жастағы футболшысын жерлеу рәсімі жұма күні өтеді
Көкшетаулық "Оқжетпес" жастар клубының футболшысы Роман Зюзиннің неден қайтыс болғаны белгілі болды.
Футбол клубы жас спортшының сеспистен (іріңдеу) көз жұмғанын айтты. Өткен демалыс күндері Роман Зюзиннің ыстығы көтеріліп, ауруханаға жатқазылыпты.
Футболшының өлімі туралы 14 тамызда хабарланған.
"Жақын адамнан, достан айырылу қандай қайғы. Мықты, денсаулығы зор жастардың қаза болуы одан өткен қасірет. "Оқжетпес" футбол клубы Роман Зюзиннің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Роман көкшетаулық "Оқжетпес" клубының жастар командасында ойнаған болатын" – делінген команданың ресми сайтында.
Сонымен қатар футбол клубы жас ойыншымен қоштасу рәсімі 16 тамызда Көкшетау қаласындағы "Оқжетпес" командасының стадионында өтетінін айтты. Алдын ала мәлімет бойынша рәсім таңғы сағат 11.00-де басталады.
Биыл Роман Зюзин Қазақстанның екінші лигасында 14 ойын өткізіп, 1 гол салған.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61