Экономика

Астана LRT-ны қаржыландыру: Халық банкі Алтай Көлгіновтың мәлімдемесін жоққа шығарды

Халық банкі Астана LRT-ны қаржыландыру бойынша әлі шешім қабылдаған жоқпыз деп отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Үкімет отырысынан кейін, журналистермен болған әңгімеде: 

- Астана LRT құрылысына ақшаны «Халық банк» пен «Бәйтерек» Ұлттықхолдингі беретін болды, – деп мәлімдеген.

- Бұған дейін айтқанымыздай, қытайлық инвестициядан бас тартып, есесіне 800 млн АҚШ долларын үнемдеп қалдық. Қазіргі уақытта біз «Халық банкпен» 3 пайыздық қарызбен 500 млн АҚШ долларын, сондай-ақ, 100 млн АҚШ доллары бойынша «Бәйтерек» холдингімен келістік. Бұл қаражат жұмысты одан әрі жалғастыруға жеткілікті, – деген еді қала әкімі.

Алайда бүгін Халық банкі мұның әлі нақты еместігін айтты. Халық банкі әзірге тек қаржыландыруға қатысу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

- Қазіргі таңда бұл мәселе талқылануда. Мәмілеге қатысу туралы түпкілікті шешімді банктің уәкілетті органдары мәмілеге әлеуетті қатысуды қарастырудың барлық қажетті процедураларын өткізу және болжамды орналастыру параметрлері анықталғаннан кейін қабылдайды, — деді банктің баспасөз қызметі.

Банк тарапынан нақты шешім қашан қабылданатыны белгісіз. Ал, Көлгіновтың кешегі сөзі түбегейлі шешім қабылданып, жақын күндері іске кірісіп кетердей әсер қалдырған.

Inbusiness.kz