Саясат
Жоғары кеңес отырысында сөз сөйлеген қырғызстандық депутат Ирина Карамушкина халық қалаулыларын Жээнбековтың арқасына тығылып, әділдікті айта алмай отырғанын сынады
Ирина Карамушкина Жоғарғы кеңесте отырған депутаттардың бұрын да Алмазбек Атамбаевпен серіктес, жолдас, дос болғандықтарын, ал оның басына қайғы түскен кезде барлығы оны жамандап, басына «су құйып» кеткенін кеткенін сынады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
- Алмазбек Атамбаев Сооранбайға сенгендіктен, елдің тағдырын сеніп тапсырды. Ал ол тағынан тайған соң (тайған жоқ, берді), барлығының өңі айналып шыға келді. Оны қамап тастап, мұнда тұрып батыр боласыңдар. Экс-президентті қорғайтын заң жоқ, болды! Бірақ оны қорғайтын халқы бар. Неге Атамбаевқа сонша жабысып қалдыңыздар! Өйткені оның әділдігінен қорқасыздар, - деді кеңесте Ирина Карамушкина.
Әйел депутат Сооранбай Жээнбековтың қолындағы байлықтың қайдан келгенін әрі оның көпе-көрінеу жемқорлыққа барып, елден ақша әкетіп жатқанын бетіне басты.
- Бірақ оған барлығы да көп жұмып отыр. Депутаттар да тыныш. Ал Атамбаевты қамады делік, сонда елде бір нәрсе өзгере ме? Сатқындық пен арамдықтан, қорқақтықтан елде ешнәрсе де өзгермейді! – деді Ирина Карамушкина.