Саясат
Қытай мен Үндістан бізді пайдаланып келді...
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан мен Қытай енді «дамушы елдер» емес, солай бола тұра олар Дүниежүзілік сауда ұйымының (WTO) белгісін «қолданып» келеді және бұл жағдайдың енді қайталанбайтынын айтты, деп хабарлайды NDTV ақпараттық сайты.
Трамп өзінің «АҚШ бірінші» деген саясатын ұстанатынын және Үндістанды АҚШ өнімдеріне «өте жоғары» тарифтер қолданып отырғаны үшін сынға алып, «кеден салық патшасы» деп сипаттады.
Дональд Трамп жазалау ретінде қытай тауарларына тарифтер енгізіп, Бейжіңнен кек кек алу әрекетінен кейін, АҚШ пен Қытай қазіргі уақытта ауыр сауда соғысын бастан кешуде.
Шілде айының басында Дональд Трамп Дүниежүзілік Сауда Ұйымынан дамушы елдердің мәртебесін қалай анықтау керектігін сұраған. Бұл оған Қытай, Түркия және Үндістан сынды елдерге талдау жасау үшін қажет болған.
Меморандумда Дональд Трамп АҚШ-тың сауда өкіліне (USTR) егер кез келген экономикалық жақтан дамыған ел ДСҰ-ның (WTO) осал тұстарын пайдаланған жағдайда айыппұл салу шарасын қолдануға рұқсат берді.
Президент Трамп 13-ші тамыз, сейсенбі күні Пенсильванияда өткен жиында Азияның екі экономикалық алып елі -Үндістан мен Қытай енді дамушы елдер емес, сондықтан ДСҰ (WTO)-дан пайда таба алмайды, өйткені олар Дүниежүзілік сауда ұйыманың дамушы елдер белгісін пайдаланып, Құрама Штаттарды қолайсыз жағдайға қалдырып отыр деді.
Дональд Трамп тағы да: «Олар (Үндістан және Қытай) бізді бірнеше жылдар бойы пайдаланып келеді», - деді.
Бас штабы Женева қаласында орналасқан Дүниежүзілік сауда ұйымы(WTO) - елдер арасындағы халықаралық сауданы басқаратын үкіметаралық ұйым болып табылады.
Дүниежүзілік сауда ережелеріне сәйкес, дамушы елдер өздерін ұзақ мерзімді қауіпсіздік шараларын пайдалануға, өтпелі кезеңде түсіністікпен қарауға, тарифтерді мейлінше төмендетуге ие болуға, ДСҰ дауларының процедуралық артықшылықтарын және белгілі бір экспорттық субсидияларды пайдалануға құқылымыз деп есептейді.
Президент Трамп ДСҰ-ның АҚШ-пен «әділетті» қарым-қатынас жасайды деген үмітін білдірді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61