Hi-Tech

Головкин Мессимен бірге әлемдегі алғашқы блокчейн смартфонның тұсауын кесті

Қос жұлдыз

 

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аргентина құрамасының капитаны әрі Испанияның «Барселона» командасының шабуылшысы Лионель Месси қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен суретке түсті, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы  Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Спорт жұлдыздары Испанияның Барселона қаласында Швейцарияның SIRIN Labs компаниясы жасаған Finney атты әлемдегі алғашқы блокчейн смартфонның таныстырылымына қатысты. Жабық форматтағы шараның фотосуреттерінің бірінде Месси GGG-мен бірге қазақстандық бизнесмендердің ортасында тұр. Суретті қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев Туиттердегі парақшасында жариялады.

Айта кетейік, Геннадий Головкин келер жылдың көктемінде рингке оралмақ. Бірақ әзірге қарсыласы белгілі емес. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61