Саясат

Ресей үлкен соғыс бастауы мүмкін

Ол халық назарын басқа жаққа бұрмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей гибридті соғыс тактикасын үлкен соғыс тактикасына ауыстыруы мүмкін. Дәл осындай ойды Ұлыбритания Бас штабының басшысы Ник Картер жеткізді. 

Ол 2018 жылы Ресейдің аяқ асты соғыс ашуы жайлы арнайы баяндама жасаған болатын. Ендігі таңда соған ұқсас мәлімдеме жасап отыр. 

- Ресейде жағдай нашар. Әлеуметтік жағдайды айтамын. Халық сенделіп кетті. Ресей оны білдіргісі келмесе де, біліп отырмыз. Ендігі таңда халық наразылығы өршіп тұр. Ол ашу мен ызаны өзіне бағытталатынын біледі. Сондықтан Мәскеудің құйтырқы әрекетке баратын уақыты жақындаған сияқты. Ол халық назарын аудару үшін бір елді тарпа бас салуға дайын. Грузиядағы арандатуда біз соны байқадық. Ол бір елге ірі соғыс ашып жіберуі мүмкін, - дейді Картер. 

2018 жылғы баяндамасында Ник Картер Ресей НАТО елдеріне күтпеген сәтте соққы жасайды деп жарияға жар салған болатын. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61