Bugin
Борат деп әзілдегені үшін кешірім өтінді
Канада елінің орта салмақтағы бокшысы Стюарт МакЛеллан келесі қарсыласыy Жәнібек Әлімханұлын әзілдеп, Боратқа теңегені үшін кешірім сұрады.
Канадалық спортшы Бораттың суретінен коллаж жасап Фейсбуктегі парақшасына орналастырып, Жәнібек Әлімханұлын мазақ еткен еді.
Алайда кейін өз қателігін түсініп, қазақстандықтардан кешірім сұрады.
- Бораттың бейнесі бұлай қорлайды деп ойламап едім. Мен қарсыласыма «тиіскім» келді, бірақ мемлекетті қорлауды еш ойламадым, - деп жазады бокшының сөзін Canadianboxiana.org.