Weekend
Өскемен қаласында бұрын соңды болмаған ерекше «Ислам мәдениеті және ұлттық дәстүр» музейі ашылды
Музей Шығыс Қазақстанда да ашылды және ол облыстық «Халифа Алтай» мешітінің базасында орналасқан.
- Негізгі идея облыс әкімі Даниал Ахметовтікі. Ол кісі өзі шақырып алып, өзіміздің мәдениетімізді, ислам тарихын көрестуіміз керектігін, сырттан ақпарат алмай, ішкі өркениетімізді паш ету керектігімізді айтты, қолдау көрсетті. Бас-аяғы 3 айдың ішінде арнайы хронологиямен музейді жинақтап құрдық. Мешіт - үлкен кешен. Пайғамбарымыздың уақытында мұндай кешенді мешіттер болған. Ол уақытта сахабалар мешітке келіп шаруа бітірген, «қалай істейміз? кімге көмектесеміз?» деп жұмыстарын ақылдасып кеңескен, ғылыми еңбектерді жазып, мешітте дәрістер болған, - дейді «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай.
- Аймаққа көптеген шетелдік туристер, қонақтар келіп, Қазақстанның оның ішінде шығыстың мәдениетімен танысқылары келеді. Бұл музей – мәдениетіміз бен тарихымызды, ұлттық құндылығымзды танытатын орын. Алдағы уақытта экспонаттар қорын ары қарай дамытамыз. Тұрғындардан келіп түсіп жатқан құнды жәдігерлер бар, әлі жиналып жатқан жәдігерлері бар. Алдағы уақытта музей сайты іске қосылып, ақпараттың бәрін онлайн режімде алуға болады, -дейді бас имам.