Саясат

ЕҚЫҰ: Атамбаевтың телеарнасын жаппау қажет

Қырғыз билігі экс-президент Алмазбек Атамбаевтың «Апрель» атты телеарнасы оның резиденциясына шабуыл жасалмай тұрып жауып тастаған еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының БАҚ бостандығы мәселесі жөніндегі өкілі Артем Дезир Қырғызстанның билігін «Апрель» телеарнасына салған шектеулерін алып тастауға шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Рамблерге сілтеме жасап.

Атамбаевтың резиденциясына бірінші шабуыл жасалғаны күні, яғни, 7 тамыз күні Атамбаевтың иелігіндегі «Апрель» телеарнасы хабар таратуын тоқтатып, екі күннен кейін мүлдем жабылып қалған еді. Бұл канал оппозициялық көзқарас танытатын елдегі бірден-бір телеарна болатын.

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі аталмыш телеарнаға оның оппозициялық көзқарасы үшін емес, күдікті Атамбаевтың мүлкі болғандықтан, арест салғандығын хабарлаған еді.

ЕҚЫҰ өкілі Артем Дезиртың айтуынша, Атамбаевтың үйіне шабуыл жасалған күні «Апрельден» басқа оппозициялық көзқарас танытып жүрген бірнеше телеарна бұғатталған көрінеді. Алайда қырғыз билігі елде тәуелсіз БАҚ құқығы бұзылмағандығын әрі қойылған шектеулердің барлығы ЕҚЫҰ-ның баспасөз құқықтарын сақтау талабына сай екендігін мәлім етті.

- Қырғыз Республикасы ЕҚЫҰ-ның талаптарына сай, демократиялық құндылықтарды ұстану мен адам құқығын қорғау, БАҚ-тағы сөз бостандығын сақтау шараларын толыққанды жүргізуде, - деп хабарлады ҚР СІМ.