Саясат
Оны АҚШ үкіметі әдейі тағайындап отыр
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАҚШ-тың Трамп бастаған Президент әкімшілігі Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің Қытай мәселелері жөніндегі департаменттің басшылығына ұйғыр әйелді – Елнигар Ілтеберді (Elnigar Iltebir) тағайындады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Foreign Policy сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш басылымының жазуына қарағанда, америка әкімшілігі қытаймен арадағы байланысты жөндеуге, келісім жасауға ықпалы тиеді деген оймен осындай шешім қабылдаған.
Ілтебердің өзі Вашингтон университеті мен Гарвард университетінің Мемлекеттік басқару мектебінде білім алған. 2015 жылы Мэриленд университетінде халықаралық қауіпсіздік және экономикалық саясат саласында докторлық диссертация қорғаған.
Енді жаңа басшылыққа келген Ілтебер Дональд Трамп бастаған президент әкімшілігінің Қытай бағытындағы саясатымен – сауда-саттық пен қарулы күштер, адам құқығы мәселелерімен айналысатын болады.
Ілтебердің өзі Шыңжаң автономиялық аймағында дүниеге келген. Қазіргі уақытта қытай үкіметі бұл аймақта «мәдени геноцид» жасап, байырғы халықтардың діни сенімі мен салт-дәстүріне қарсы жою саясатын жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде арнайы лагерьлер ұйымдастырып, онда миллиондаған мұсылмандарды қамауға алып, қытай тілі мен қытай мәдениетін үйретіп жатқан көрінеді.
Соңғы уақыттары Қытайдың бұл геноцидіне қарсы әлемдік наразылық туған соң, саяси тұтқындардың кейбірін босатылып, үй қамаққа ала бастаған еді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, осы жылдың қаңтар айында жүздеген этникалық қазақтар лагерьден босатылып, БҰҰ-ның халықаралық инспекциясын күту мақсатында арнайы үй қамаққа алынған көрінеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61