Bugin

Рамзан Қадыров имам Шәмілге қатысты не меңзеп айтқанын түсіндіріп берді

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров бұған дейін имам Шәмілдің шешен халқының қырылуына себепкер болған адам деп пікір білдірген болатын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алайда Рамзанның бұл сөзіне қарсы шыққандардың қарасы көп болды. Оның арасында дағыстандық UFC спортшы Хабиб пен Махачқала әкімі Салман Дадаев та бар еді. Кейбір дағыстандықтар Қадыровтың бұл сөзі үшін көшеге шығып, наразылық та көрсетпек болды.

Кейін Қадыров РБК тілшісі - Руслан Құрбанбаевқа сұхбат беріп, Шәміл туралы айтылған пікірінің қасақана бұрмаланғанын жеткізді.

- Мен айтпағанды қалай айтты деп жеткізді (ә)! Бұлар – сатқындар. Мен дағыстандықтарды айтып отырғаным жоқ, маған және менің әкеме, менің халқыма боғауыз сөз айтқан «үй батырларын» айтып отырмын, - деді Қадыров бұған қатысты.

Сөз барысында Қадыров бұған дейін «Чечня Сегодня» басылымына берген сұхбатында неге имам Шәмілдің кезінде шешендердің саны күрт төмендеп кеткендігін айтып, пікір білдіргендігін түсіндіріп беруге тырысты.

- 1840 жылы наурызда Шәміл өзін дағыстан мен шешен халқының имамы деп жариялады. Ол Ресейге қосыламыз деген шешендердің бәрінің көзін құртты, елді-мекендерді өртеп, қарияларымызды жинап, Ресейге қарсы соғысуға Құранмен тұрып ант бергізді, - дейді Қадыров.

Қадыровтың айтуынша, Шешенстанды имам Шәміл басқарған жылдары шешендердің саны екі есе қысқарып, еркектердің саны 70 пайызға дейін азайып кеткен. Ресеймен соғыста қаншама шешен шаһид кетті.

- Әрине, имам Шәмілге рухани жан екеніне таласым жоқ, оны әрқашан құрметтейміз. Алайда оның неге Ресеймен төрт ай ғана соғысып, беріле салғанына, Ресейдің дворян атағын алып, ант бергеніне, бас игеніне таңым бар, - деп түсіндірді Қадыров бұған дейін айтылған сөзін.

Айта кеткен жөн, имам Шәміл – Дағыстанда туған, авар ұлтынан шыққан қаһарман батыр. Сондықтан да дағыстандықтар Қадыровтың Шәміл туралы айтқанына қарсы болған еді.