Саясат
Санкциялар Түркия мен Ресейді жақындатуы мүмкін
Америка Құрама Штаттары АҚШ-тың консервативті ұлттық мүддесіне талдау жасай отырып Ресейдің S-400 зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін сатып алғаны үшін Түркияға қарсы салынған санкциялары НАТО одақтастарының қарым-қатынасын біржола бұзып, Анкараны Мәскеуге жақындата түсетінін айтты, деп хабарлайды “Ahvalnews”.
Вашингтон Түркияның S-400 келісіміне жауап ретінде F-35 соғыс ұшағы бағдарламасын күшінен қалдырған болатын. Сол арқылы түрік қорғаныс мердігерлеріне, шамамен, 10 миллиард долларлық шығын әкелді. Енді Конгресс Ақ үйді Түркияға заңды санкциялар салуға итермелеуде. АҚШ президенті Дональд Трамп аталмыш санкцияларды кейінге қалдырды және келісімге келуге әлі де үміттенуде.
АҚШ пен НАТО шенеуніктері S-400 зымырандық жүйесі Ресейдің F-35 программасын бақылауына және одақтың әскери ынтымақтастығын бұзуға көмектеседі, сондықтын қауіпсіздікке қатер төндіреді деп санайды.
АҚШ-тың ғылыми-зерттеу орталығының мемлекеттік қорғаныс бөлімінің зерттеушісі және ғалымы Enea Gjoza-ның айтуынша, Вашингтон Түркияға келісімді күшінен қаолдыруға мәжбүрлеу үшін айтарлықтай қысым көрсетуде.
- Экономикалық дағдарыс пен АҚШ-тың қолға түскен америкалық пастор Эндрю Брунсонға байланысты алдыңғы санкцияларының салдарынан Түрік лирасы өткен жылы үздіксіз құлдырады. Алайда S-400 әуе қорғаныс жүйесі бірнеше маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыра алады. Мысалы, американың “патриот” қорғаныс жүйесіне қарағанда арзан және Түркия әскери-әуе күштеріндегі Батыс елдері жасаған ұшақтарға соққы беруге арналған кеңейтілген қорғаныс жүйесін ұсынады. Түркия 2016 жылғы төңкеріс сәтсіздігінен кейін өзінің бұл жүйені сатып алуға тіпті де мүдделі сезінді. Сол себепті Түркияға тіпті де көп санкцияға ұшырау қаупі төніп тұр,- деді Gjoza.
Ол тағы да:
- Санкцияларды қолдану дұшпандық пен кек алуды келтіріп шағаруы мүмкін. Сонымен бірге, Түркияны Ресейге жақындата түседі, - деді.