Weekend
Табиғатты қорғау инспекторлары «Тордан таза су қойма» атты науқан өткізбек
Аталмыш науқанның аясында табиғатты қорғау инспекторлары мен еріктілер және де су қоймасын пайдаланушы тұлғалар өзен мен көлдерді тексеріп, заңсыз орнатылған ау мен торларды анықтауға күш салмақ.
Соған байланысты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аймақтық инспекциялары заңсыз ау мен тор жиі орнатылатын су қоймалары мен бөген-тоғандарды анықтап, тексеріс жұмыстарын бастамақ.
Тексеріс нәтижелері алдағы уақытта жарияланатын болады.