Саясат

Британия Иран танкерін босатты

Иран қажетті құжаттарды ұсынған екен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлыбританияның теңіздегі аумағы саналатын — Гибралтар үкіметі 4 шілдеде тұтқындалған Grace 1 супертанкерін босатты. Бұл туралы Twitter парақшасында Gibraltar Chronicle газеті хабарлады.

Бұл танкер Гибралтар аумағына қосымша жанармай құйып, бұзылған жерлерін жөндеу үшін кірген болатын. Алайда жергілікті биліктің қолына бұл танкердің Сирияға бара жатқаны жайлы ақпарат түсіп, оны "қамауға" алған.  

- Алайда Гибралтар Үкіметі енді ирандық үкіметтен кеме Сирияға тоқтамайтыны туралы ресми жазбаша мәлімдемелер алды, - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Гибралтардың Бас министрі Фабиан Пикардо Grace 1 кемесін босату туралы шешім қабылдады және оған теңізге шығуға рұқсат берді. Танкер қашан жолға шығатыны әзірше белгісіз.