Спорт

Әлем барысы: ел намысын қорғайтын 5 балуан

Жеңіс тілейміз!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласында 1-2 желтоқсан күндері Тұңғыш Президент күніне орай қазақ күресінен өтетін «Әлем барысында» ел намысын қорғайтын балуандардың есімдері белгілі болды.

ҚР Қазақ күресі федерациясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Әлем барысы» турнирінде ел намысын 5 балуан қорғайды.

Олар:

Айбек Нұғмаров

Бойы:  190 см

Салмағы: 145 кг

1987 ж.т.

Спорттағы жетістіктері: «Қазақстан Барысы» (2013), «Әлем Барысы» (2017), қазақ күресінен 4 дүркін Әлем чемпионы (2010,2013,2014,2016), қазақ күресінен 4 дүркін Азия чемпионы (2008, 2009,2014,2018), «Құрмет» орденінің иегері, Еңбек сіңірген спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.  

Руслан Әбдіразақов

Бойы:  195 см

Салмағы: 125 кг

1988 ж.т.

Спорттағы жетістіктері: «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің күміс жүлдегері (2015), қазақ күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2017), қазақ күресінен Қазақстан чемпионы (2018).

Айбат Сейтен

Бойы:  175 см

Салмағы: 115 кг

1992 ж.т.

Спорттағы жетістіктері:  қазақ күресінен Азия чемпионы (2014), қазақ күресінен Қазақстан Кубогінің чемпионы (2016), қазақ күресінен Қазақстан чемпионы (2017), қазақ күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері (2018).

Ерсұлтан Мұзаппаров

Бойы:  178 см

Салмағы: 92 кг

1994 ж.т.

Спорттағы жетістіктері: қазақ күресінен Қазақстан Кубогінің чемпионы (2018), қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы халықаралық турнирінің жеңімпазы (2018), Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қазақ күресінен жеңімпазы (2018) Нұрдәулет Жарылғапов Бойы/Рост: 190 см Салмағы/Вес: 140 кг 1996 ж.т. Спорттағы жетістіктері:  «Жас Барыс» (2015), қазақ күресінен Қазақстан Кубогінің қола жүлдегері (2018), Халық ойындарының қазақ күресінен жеңімпазы (2018)

 Дереккөз: Ұлт ақпарат