Саясат
Жалғас Жұмаұлы Әділбаев елші боп тағайындалды
Жалғас Әділбаев Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды. Қалыбек Қобландин Моңғолиядағы елші қызметінен босатылды.
Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Жалғас Әділбаев 1964 жылы 15 желтоқсанда Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «тарихшы, әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы» мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын үздік бітірген. PhD Докторы.
1998 жылдың мамырынан бастап Сыртқы істер Министрлігі жүйесінде жұмыс істейді. Өзінің дипломатиялық қызметін мемлекеттік хаттама басқармасының бөлім бастығы лауазымынан бастады. 2000 жылы СІМ мемлекеттік Хаттамалар қызметін басқарды.
Әр жылдары Литвадағы Қазақстан Елшілігінің кеңесшісі, Австриядағы Қазақстан Елшілігінің кеңесші елшісі болып жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары Горганадағы (Иран) Бас консул қызметін атқарды.
2010 жылдан бастап 2015 жылға дейін СІМ-нің орталық аппаратында Халықаралық экономикалық ынтымақтастық комитеті төрағасының орынбасары және ҚР СІМ-нің Парламентпен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының қоғамдық ұйымдарымен жұмыс жөніндегі елшісі ретінде жұмыс істеді.
2015-2017 жылдар аралығында Армениядағы Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі болып жұмыс істеді. Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарды.
Екінші дәрежелі төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын тілін меңгерген. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.