Саясат
Ал Гренландия аралы Данияның жеке меншігінде
АҚШ президенті Дональд Трамп Данияға тиесілі Гренландияны сатып алу идеясын қарастырып жатыр. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды.
Ол өз кеңесшілерімен осындай мүмкіндікті талқылап, тіпті, Ақ үйдің заң кеңесшісіне жобаға құқықтық сараптама жүргізуге нұсқау берді.
Басылым дереккөздерінің ақпаратына қарағанда, бірнеше кеңесшілер Трамптың "экономикалық мақсатқа сай" жоспарын қолдады, алайда Ақ үйдегі көп адамдар Президенттің осы аумаққа деген қызығушылығы көп ұзамай жоғалатынына сенімді.
Ақ үйде, Данияның Корольдік үйінде және Гренландияның Премьер-кеңсесінде бұл мәселе бойынша түсініктеме беру бойынша сауалға жауап берілген жоқ.
1867 жылы америкалықтар аралды сатып алу мәселесін қарастырған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін президент Гарри Трумэн Данияға Гренландия үшін 100 миллион доллар ұсынған екен.