Саясат

Тоқаевтың қатысуымен маңызды конференция басталды

Президенттің қатысуымен дәстүрлі конференция басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтан қаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен дәстүрлі Тамыз конференциясы басталды.

Тамыз конференциясы жаңа 2019-2020 оқу жылының қарсаңында өткізіліп отыр. Тәуелсіздік сарайына барлық өңірден мектеп мұғалімдері, колледжер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, ата-аналар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері жиналды.

Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыланып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, конференция аясында білімді дамытудағы ерен еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар педагог "Құрмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" және "Шапағат" медалімен, сондай-ақ Қазақстан президентінің Алғыс хатымен, "Ы.Алтынсарин" және "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталады.

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа оқу жылындағы басты жаңалық – "Педагог мәртебесі туралы" заңның қабылдануы және 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту.

sputniknews.kz